Мәзір
Теннис

Александр Бублик жеке рекордын жаңартты

Сабина Асқарқызы 128 қаралым
Александр Бублик жеке рекордын жаңартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 16-нөмірлі теннисшісі Александр Бублик 2025 жылғы маусымда ATP турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол негізгі турда 34 мәрте жеңіске жетіп, жеке үздік нәтижесін тіркеді. Championat.com мәліметінше, бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 2021 жылы тіркелген – 33 жеңіс. Бублик 34-ші жеңісін Париждегі (Франция) «Мастерс» турнирінің алғашқы айналымында иеленді. Қазақстандық спортшы рейтингте 47-орында тұрған аустралиялық Алексей Попыринді 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Енді ол екінші айналымда франциялық Корентин Муте мен америкалық Райлли Опелка (LL) арасындағы кездесудің жеңімпазымен бақ сынайды.

Айта кетейік, Париждегі «Мастерс» турнирінің қазіргі чемпионы – германиялық Александр Зверев. Өткен жылы ол финалда француз Уго Умберді жеңіп, титул иеленген еді.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар