Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Александр Бублик Ханчжоуда алған жарақаты салдарынан Almaty Open турнирінде өнер көрсете алмайды, деп жазады malimsports.kz.
Бұл жарақат оның Бейжің мен Шанхайдағы жарыстарда толыққанды ойнауына кедергі келтіріп, алғашқы айналымдарда тоқтауына әсер етті. Дәрігерлер қазақстандық теннисшіге күш салуды азайтып, толық медициналық тексеруден өтіп, қажетті оңалту шараларын жүргізуге кеңес берген.
Александр Бублик бұған дейін: «Үйде ойнау — ерекше жауапкершілік әрі үлкен мотивация. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауы әрқашан күш-қуат береді» деген болатын.
Фото:ҚТФ