457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик US Open турнирінің аралас жұптар сынында Винус Уильямспен бірге өнер көрсетеді

Микст матчтары 24-26 тамыз аралығында, негізгі турнир басталғанға дейін өтеді.

US Open-2026 ұйымдастырушылары аралас жұптар (микст) бәсекесіне қатысатын теннисшілердің алдын ала өтінім тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Микст матчтары 24-26 тамыз аралығында, негізгі турнир басталғанға дейін өтеді. Жаңартылған форматтағы аралас жұптар жарысы өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылып, чемпиондық атақты Италия өкілдері Сара Эррани мен Андреа Вавассори жеңіп алған болатын.

Биылғы алдын ала тізімге 29 жұп енді. Солардың қатарында қазақстандық Александр Бублик пен америкалық Винус Уильямс та бар.

46 жастағы Винус Уильямс – әлемдік теннис тарихындағы ең атақты спортшылардың бірі. Ол әйелдер арасындағы жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің барлығында чемпион атанған.

Бұған дейін қазақстандық Елена Рыбакинаның да US Open турнирінің аралас жұптар сынына қатысатыны белгілі болған еді. Ол былтырғыдай америкалық Тейлор Фритцпен бірге өнер көрсетеді.

Сондай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко сербиялық Новак Джоковичпен жұп құрады. Ал ерлер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы Янник Синнер алдын ала өтінім тізіміне енген жоқ.

Фото: Getty Images