Мәзір
Теннис

Александр Бублик Уимблдонның 1/8 финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 55 қаралым
Александр Бублик Уимблдонның 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымынан сүрінбей өтіп, жарыстың 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші кезеңде әлемнің 19-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен кездесті.

Төрт сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матч бес сетке ұласып, Бублик 4:6, 7:6 (7:5), 7:6 (13:11), 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу барысында Александр 48 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ 10 брейк-пойнттың біреуін ғана тиімді пайдаланды.

Осылайша, қазақстандық теннисші Уимблдонның төртінші айналымына жолдама алды. Енді ширек финалға шығу үшін әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар