457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик Уимблдон турниріне арнайы шақырту алды

Жарыс ұйымдастырушылары негізгі додаға арнайы шақырту алған теннисшілердің тізімін жариялады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің ұйымдастырушыларынан арнайы шақырту (уайлд-кард) алды, деп хабарлайды malimsports.kz

29 маусым мен 12 шілде аралығында теннистегі ең беделді төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі - Уимблдон өтеді. Жарыс ұйымдастырушылары негізгі додаға арнайы шақырту алған теннисшілердің тізімін жариялады.

Ерлер арасындағы жұптық сында Александр Бублик австралиялық теннисші Ник Кирьоспен бірге өнер көрсетеді. Қазақстандық-австралиялық жұп өткен аптада Штутгарт қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирге қатысқан болатын. Алайда олар жарысты екінші айналымда аяқтады.

Уимблдондағы арнайы шақырту Бубликке әлемдегі ең беделді жарыстардың бірінде бақ сынап, жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Уимблдон турнирінде әйелдер арасындағы жұптық сында аңызға айналған Серена және Винус Уильямс әпкелі-сіңлілерінің де өнер көрсететіні хабарланған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден