Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 «Үлкен дулыға» турнирінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың 10-ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 139-ракеткасы, франциялық Кириан Жакемен кездесті.
Кездесу үш сетке созылып, Александрдың жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:4, 7:6 (7:5).
Теннисшілер шөп төсенішіндегі кортта 1 сағат 50 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Бублик 15 эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, қазақстандық теннисші Уимблдонның үшінші айналымына шықты. Келесі кезеңде ол америкалық Фрэнсис Тиафо мен Ұлыбритания өкілі Ян Чоински арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған