Мәзір
Теннис

Александр Бублик теннистен Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 162 қаралым
Александр Бублик теннистен Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Финалда Бублик Франция атынан сынға түскен Валентен Руайемен кездесті.

Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисші 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.

Бұл - Бубликтің биылғы маусымдағы бесінші трофейі болып отыр. 

Бұған дейін Филиппинде 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Азия чемпионаты аяқталған еді. Беделді жарыста Қазақстан намысын Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қорғаған болатын. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар