Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіліс тапты, деп жазады malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 90-ракеткасы, франциялық Кентен Галимен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Бубликтің 7:6 (7:4), 4:6, 6:7 (5:7) есебімен жеңілуімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 2 сағат 23 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 13 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және өзі иеленген екі брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады.
Осылайша, қазақстандық теннисші Гштаадтағы турнирдегі өнерін аяқтап, өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмады.
Фото: ҚТФ