Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің қос разрядта да ширек финалына шықты
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 санатындағы шөп корт жарысында өнер көрсетуін сәтті жалғастыруда. Отандасымыз турнирдің ширек финалына жекелей сында да, жұптық бәсекеде де жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жұптық сында Бублик австралиялық Ник Кирьоспен тандем құрып, алғашқы айналымда Якуб Поль (Швейцария) мен Райан Сегерман (АҚШ) дуэтінен басым түсті. Тартысты өткен супер тай-брейк кездесуі 6:3, 2:6, 10:6 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлемнің 11-ракеткасы жекелей сында да 1/4 финалға өткен болатын. Ол екінші айналымда жарыстың қожайыны, ATP рейтингінде 77-орында тұрған Ян-Леннард Штруффты үш сетте қапы қалдырды. 1 сағат 45 минутқа созылған матч 7:6, 3:6, 6:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Фото: ҚТФ
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған