Мәзір
Теннис

Александр Бублик Роттердамдағы турнирдің ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 54 қаралым
Александр Бублик Роттердамдағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың үшінші ракеткасы атанған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингте 82-орында тұрған германиялық Ян-Леннард Штруфпен кездесті.

Алғашқы сет тай-брейкке ұласып, Бублик 7:6 (7:2) есебімен басым түсті. Екінші партияда Штруф 6:4 есебімен таразы басын теңестірді. Шешуші үшінші сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Екі сағат 6 минутқа созылған матчта Бублик 13 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Александр Бублик мансабында алғаш рет Роттердам турнирінің ширек финалына шықты. Енді жартылай финал жолдамасы үшін әлемнің 37-ракеткасы, испаниялық Хауме Мунармен кездеседі.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар