457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик Роттердам турнирінің жартылай финалында есе жіберді

Әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған қазақстандық теннисші жартылай финалда канадалық Феликс Оже-Альяссимпен кездесті.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Роттердамда өткен беделді ATP 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған қазақстандық теннисші жартылай финалда канадалық Феликс Оже-Альяссимпен кездесті. Қарсыласы қазір әлемнің алтыншы ракеткасы саналады және турнир фавориттерінің бірі болды.

Кездесу екі сетке ғана созылып, 53 минуттың ішінде аяқталды. Матч 1:6, 2:6 есебімен Оже-Альяссимнің айқын басымдығымен тәмамдалды. Бублик ойын барысында төрт эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Алайда ол бірде-бір брейк-пойнтқа қол жеткізе алмады.

Осылайша, Александр Бублик Роттердамдағы жарысын аяқтады. Дегенмен бұл турнир қазақстандық теннисші үшін тарихи нәтиже болды — жартылай финал оның аталған додадағы ең үздік көрсеткіші саналады. Бұған дейін ол мұндай жоғары кезеңге дейін жетпеген еді.

Ал Феликс Оже-Альяссим чемпиондық атақ үшін австралиялық Алекс де Минаурмен кездеседі. Де Минаур қазіргі таңда әлемдік рейтингте сегізінші орында тұр.

Фото: Getty Images