Александр Бублик Ресейде жаңа корттың ашылуына атсалысты
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Санкт-Петербургте жаңа теннис кортының ашылуына қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Желіде Санкт-Петербургте бой көтерген жаңа теннис нысанының ашылуына арналған хабарлама жарияланды.
8 тамыз күні Санкт-Петербургте өтетін ауқымды теннис іс-шарасына шақырамыз. Бағдарламаның басты оқиғасы – әлемнің 11-ракеткасының туған жерінде First&Red компаниясы салған жаңа корттың ашылуы. Сонымен қатар Александр Бублик пен оның жаттықтырушысы Артем Супруновтың шеберлік сабағы, түрлі челлендждер, ашық кездесу және қолтаңба тарату рәсімі өтеді, – делінген хабарламада.
Кейін Қазақстан құрамасының мүшесі Александр Бублик те әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерге арнайы үндеу жасап, шараға шақырды.
Көпшілік Санкт-Петербургте осындай іс-шара өткізуді сұрады. Біз жаңа корт салып, оның ашылуын сіздермен бірге атап өтуді жөн көрдік. Баршаңызды күтемін, – деп жазды теннисші.
Бұған дейін Александр Бублик ұлының туған күніне байланысты тамыз айында өтетін Цинцинати қаласындағы «Мастерс» турниріне қатыспайтынын айтқан еді.
Айта кетейік, 29 жастағы Александр Бублик 2016 жылдың қараша айынан бері Қазақстан намысын қорғап келеді. Оған дейін жасөспірімдер және кәсіби мансабының алғашқы кезеңінде Ресей атынан өнер көрсеткен.
Фото: instagram/bublik
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған