Мәзір
Теннис

Александр Бублик Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 211 қаралым
Александр Бублик Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы жарыстың ширек финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы ретінде бірден екінші айналымнан бастап, ол әлемдік рейтингте 93-орында тұрған аустралиялық Александар Вукичпен кездесті. Бірінші партия тай-брейкке ұласып, онда қарсыласы басым түсті - 7:6 (8:6). Алайда Бублик кездесуді камбэкпен аяқтап, келесі екі сетте жеңіске жетті - 6:4, 6:4.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 24 эйс орындап, 10 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Вукич 14 эйспен шектеліп, брейк жасау мүмкіндігін таппады.

Ширек финалда Александр Бублик чехиялық Далибор Сврчинамен кездеседі. Ол өз кезегінде 192-орындағы қытайлық Чжан Чжичжэньді 6:4, 6:3 есебімен ұтқан.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық тағы бір спортшы Александр Шевченко да Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алған болатын.

 Фото: IG/atptour©

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар