457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Бублик екі сетте де қарсыласына мүмкіндік бермей, кездесуді 6:3, 6:3 есебімен аяқтады.

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші жергілікті спортшы, әлемдік рейтингтің 196-сатысында тұрған У Ибинмен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Бублик екі сетте де қарсыласына мүмкіндік бермей, кездесуді 6:3, 6:3 есебімен аяқтады.

Бір сағатқа созылған матчта отандасымыз 19 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды. Ал қытайлық теннисші небәрі 2 эйспен шектелді.

Шешуші сында Бублик әлемнің 88-ракеткасы, франциялық Валентен Ройемен чемпиондық атақты сарапқа салады. Француз теннисшісі турнир барысында сенсация жасап, топ-15-тегі ресейлік Андрей Рублёвті жарыстан шығарған болатын.

Айта кетейік, өткен жылы Ханчжоу турнирінде хорватиялық Марин Чилич жеңімпаз атанған еді.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко Чэнду (Қытай) ATP-250 турнирінің жартылай финалында әлемнің тоғызыншы ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттиге жол берді — 3:6, 1:6.

Фото: ҰОК

Соған қарамастан, Шевченко жартылай финалға дейін жеткен нәтижесінің арқасында ATP Live рейтингінде 96-орыннан 88-сатыға көтерілді.

Фото: ҰОК