Александр Бублик өзінің басты арманы туралы айтты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP рейтингіндегі орны мен қаржылық жетістікке қарағанда, өмірдегі адами құндылықтарды жоғары қоятынын айтты, деп хабарлайды YouTube-тағы Александр Соколовский арнасы.
Бубликтің сөзінше, спорт – ең алдымен бизнес, алайда барлық ақшаны табуға ұмтылу адамды тығырыққа тіреуі мүмкін.
«Спорт – бұл бизнес. Әлемдегі барлық ақшаны бәрібір таба алмайсың. Барлық ақшаның соңынан қуу – менің жағдайымда түбі жоқ жарыс. Өйткені бәрібір біреуде қымбатырақ қонақүй, жақсырақ ұшақ, қымбатырақ сағат пен көлік болады. Бұл кез келген деңгейде солай. Менің әлемнің патшасы болсам деген арманым жоқ. Менің арманым – жақсы әке, жақсы дос болу және бақытты адам болып өмір сүру. Мен үшін осы әлдеқайда маңызды», – деді Александр Бублик.
Еске сала кетейік, биыл Александр Бублик мансабында алғаш рет ATP рейтингінің үздік ондығына енді. Бұл жетістікке ол қаңтар айында Гонконгтағы турнирде сәтті өнер көрсеткеннен кейін қол жеткізді.
Фото: Ian MacNicol / Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған