Мәзір
Теннис

Александр Бублик Кицбюэльдегі турнирдің жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 43 қаралым
Александр Бублик Кицбюэльдегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және турнирдің бірінші нөмірлі атанған отандық теннисші ширек финалда рейтингтің 81-сатысындағы словакиялық Алекс Молчанды екі сетте жеңді.

Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 9 минутқа созылды.

Ойын барысында Бублик 12 эйс жасап, 7 рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 31-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар