457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик Гонконг турнирінің чемпионы атанды

Бублик матчтағы екі сетте 7:6 (тай-брейкте 7:2), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ерлер арасындағы ATP 250 категориялы Гонконг турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды  malimsports.kz

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен жарысқа шыққан Қазақстан теннисшісі финалда әлемнің жетінші ракеткасы, турнирдің бірінші сеяндысы италиялық Лоренцо Музеттимен кездесті.

Бублик матчтағы екі сетте 7:6 (тай-брейкте 7:2), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Аталған кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Александр он эйс орындап, төрт рет қосалқы қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдалана алды. 

Бұл жеңіс Бубликке қажетті ұпайларды жинауға мүмкіндік беріп, әлемдік рейтинг жаңартылғаннан кейін ATP тізімінде 10-орынға көтерілуге жол ашады. Бұл спортшы үшін жеке рекорд болып саналады.

Гонконгтағы титул Бублик үшін ATP деңгейінде ерлер жеке сингл бойынша тоғызыншы жеңіс болды. Өткен маусымда ол төрт турнирде топ жарып, жеңіске жеткен.

Фото: ҰОК