Александр Бублик Дубай турнирін екінші айналымда аяқтады
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирде жарысты екінші айналымда аяқтады, деп жазады malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші бұл кезеңде әлемнің 25-ракеткасы, нидерландылық Таллон Грикспорпен кездесті.
Матч екі сетке созылып, 3:6, 6:7 (4:7) есебімен Бубликтің жеңілісімен аяқталды. Қарсыластар кортта 1 сағат 23 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Александр 12 эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді. Алайда ол тапқан үш брейк-пойнттың біреуін де пайдалана алмады.
Осылайша, Бублик Дубайдағы «пятисотник» турниріндегі өнерін екінші айналымда қорытындылады.
Фото: ҰОК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған