Александр Бублик Цинциннатидегі турнирден бас тарту себебін түсіндірді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін ATP Masters 1000 санатындағы турнирге қатыспайтынын мәлімдеп, мұндай шешім қабылдау себебін түсіндірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Журналист Бен Ротенберг теннисшіден соңғы бірнеше жыл қатарынан аталған турнирді өткізіп жіберуінің себебін сұраған.
«Иә, соңғы төрт жыл бойы бұл турнирге қатыспай жүрмін. Дәл осы уақытта ұлымның туған күні болады. Мен үшін Цинциннатидегі «Мастерс» турнирі өмірімдегі осындай маңызды сәтті жіберіп алатындай деңгейде маңызды емес», - деді Бублик.
Айта кетейік, биыл Цинциннатидегі ATP Masters 1000 турнирі 11–23 тамыз аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – испаниялық Карлос Алькарас. Александр Бублик бұған дейін де ұлының туған күніне байланысты осы жарысқа қатысудан бірнеше рет бас тартқан болатын.
Фото:
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған