Мәзір
Теннис

Александр Бублик биыл 674 эйс жасап, үздіктер қатарына енді

Сабина Асқарқызы 70 қаралым
Александр Бублик биыл 674 эйс жасап, үздіктер қатарына енді

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик маусым қорытындысы бойынша эйс саны жөнінен үздік бес теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық спортшы 674 эйс жасап, жалпы тізімде бесінші орынға ие болды.

Көшті әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Тейлор Фриц бастады – оның еншісінде 867 эйс бар. Екінші орында отандасы Райлли Опелка (790), үшінші орында канадалық Феликс Оже-Альяссим (783) тұр. Чехиялық Якуб Меншик 679 эйспен Бубликті небәрі бірнеше эйспен озып, төртінші сатыға жайғасты.

А.Бублик маусым ішінде сенсациялық жеңістерімен де көзге түсті. Ол Галле (Германия) ATP 500 турнирінің екінші айналымында әлемнің үздік ойыншыларының бірі – италиялық Янник Синнерді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Бублик 2024 жылғы маусымды карьерасындағы ең табысты жылдардың біріне айналдырып, Галледен бөлек Гштаад (Швейцария), Ханчжоу (Қытай) және Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирлерінде топ жарды. Соның нәтижесінде ол әлемдік рейтингте 11-орынға көтерілді.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар