457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик Аустриядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 31-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.

Қарсыластар бұған дейін екі рет кездесіп, екі матчта да Бублик жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да қазақстандық теннисші өз басымдығын сақтап қалды.

Финалда Александр Бублик франциялық Кентен Алиспен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Айта кетейік, Generali Open турнирінің жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды. Жеңімпаз 93 175 еуро сыйақы алып, ATP рейтингінің 250 ұпайына ие болады.

 

Фото: ҚТФ