Мәзір
Теннис

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымында жеңілді

Сабина Асқарқызы 125 қаралым
Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымында жеңілді

Қазақстан атынан өнер көрсететін Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турнирінің төртінші айналымында (1/8 финал) жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ол аустралиялық теннисші Алекс де Минаурға есе жіберді.

Кездесу Минаурдың сенімді жеңісімен аяқталды - 6:4, 6:1, 6:1.

Әлемнің оныншы ракеткасы Бублик қарсыласынан алтыншы рет кездесіп, төртінші рет жеңіліп отыр. 

Бұл жеңіс де Минаур үшін «Үлкен дулыға» турнирлерінде топ-10 ойыншыны үшінші рет ұтуы болды. Сондай-ақ ол өз елінде өтіп жатқан Australian Open турниріндегі ең үздік нәтижесін қайталады - ширек финал (бұған дейін 2025 жылы осы кезеңге жеткен).

Ширек финалда Алекс де Минаур әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар