457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик ATP рейтингінде үздік ондыққа кіреді 

Ол финалда әлем рейтингінде 7-орында тұрған италиялық Лоренцо Музеттиден 2 сетте басым түскен еді.

Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Александр Бублик Гонконгта ATP-250 санатындағы турнирдің жекелей сынында жеңіске жеткеннен кейін рейтингтегі көрсеткіші өзгереді, деп хабарлайды malimsports.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Ол финалда әлем рейтингінде 7-орында тұрған италиялық Лоренцо Музеттиден 2 сетте басым түсті. Есеп: 7:6 (7-2), 6:3.
Осылайша, Александр ертең ATP-дің жаңаратын рейтингінде 10-сатыға көтеріледі. Ол ерлер арасында мұндай көрсеткішке қол жеткізген тұңғыш отандасымыз атанбақ. 
Осыған дейінгі Бубликтің ең жақсы нәтижесі былтыр қарашадағы 11-орын болған. Гонконгта 28 жастағы Александр карьерасындағы 9-шы жүлдесіне ие болды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы