Александр Бублик ATP 250 турнирінде титулын қорғай алмады
Аустрияның Китцбюхель қаласында өткен ATP 250 турнирінің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Титулдық кездесуде әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте 83-орында тұрған Франция өкілі Квентин Халиспен кездесті.
Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисшінің 4:6, 6:7 (6:8) есебімен жеңілуімен аяқталды.
Кездесу 1 сағат 34 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Бублик алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол брейк жасауға мүмкіндік берген бірде-бір брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Осылайша, Александр Бублик былтыр Китцбюхельдегі турнирде жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған