457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик АҚШ турнирінде жүлдеден тыс қалды

Екі сағат 36 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 19 эйс жасай алды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллс (АҚШ) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 117-орында тұрған, іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, аустралиялық Ринки Хидзикатамен кездесті.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик басым түсті - 7:6 (7:3). Алайда бұдан кейін Хидзиката камбэк жасай білді - 7:6 (7:3), 6:3.

Екі сағат 36 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 19 эйс жасай алды. Хидзиката 8 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Р.Хидзиката ширек финалға шығу үшін әлемнің 29-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэмерон Норримен таласады. Осылайша, Индиан-Уэллс турнирінде әйелдер арасында Елена Рыбакина мен Анна Данилина (жұптық сын) қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жеңіс саны жөнінен әлемде көш бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты.

Фото: ҚТФ