Жаңартылған ATP рейтингінде ол Гонконгта өткен ATP 250 турниріндегі жеңісінен кейін 11-орыннан 10-орынға көтерілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осылайша Бублик ерлер арасындағы ATP рейтингінің үздік ондығына кірген тұңғыш қазақстандық атанды.
Сондай-ақ Александр Шевченко рейтингте екі сатыға жоғарылап, 106-орыннан 104-орынға жайғасты. Ал өткен аптада Бангалор турнирінің финалына дейін жеткен Тимофей Скатов бірден 40 орынға көтеріліп, 195-орынға табан тіреді.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде өз позициясын сақтап, 5-орында қалды. Ал Юлия Путинцева 74-орыннан 105-орынға төмендеді. Жұптық сында Анна Данилина 14-орындағы орнын сақтап қалды.
Фото: спортс.кз