457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасындағы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик әлемдік рейтингте бір саты жоғарылап, 16-орынға көтерілді. Бұл – оның карьерасындағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін ол 17-орыннан жоғары көтерілген емес.

Спортшының осындай жетістікке жетуіне Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP турниріндегі жеңісі ықпал етті.

Әлемдік рейтингтің көшін испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Одан кейінгі орында италиялық Янник Синнер болса, алғашқы үштікті германиялық Александр Зверев қорытындылады.

Айта кетейік, Ханчжоудағы жеңіс 28 жастағы Александр Бублик үшін мансабындағы сегізінші, ал 2025 жылғы төртінші титул болды.

 

Фото: ҚТФ