457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик әлемдік рейтингте төмен сырғыды

Мұндай маңызды өзгерістер Индиан-Уэллс "Мастерс турнирінің қорытындысынан кейін шығып отыр.

Халықаралық теннис қауымдастығы (ATP) соңғы турнирлердің қорытындысы бойынша жекелей және жұптық сайыстардағы рейтингтік көрсеткіштерін жаңартты, деп жазады malimsports.kz

Мұндай маңызды өзгерістер Индиан-Уэллс "Мастерс турнирінің қорытындысынан кейін шығып отыр. Бұл сында италиялық Янник Синнер топ жарған еді. Ол рейтингте екінші орынға жайғасса, үздіктер көшін әзірге испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Ал үздік үштікті Сербия өкілі Новак Джокович түйіндеді. 

Индиан-Уэллс турнирінің финалисі, ресейлік Даниил Медведев 11-орыннан 10-орынға көтерілді. Бұл ретте ол қазақстандық Александр Бубликты басып озып, оны бір саты төмен сырғытты. Ал еліміздің екінші ракеткасы Александр Шевченко керісінше төрт сатыға көтеріліп, 84-орынға ие болды.  

Жұптық рейтингте үздіктер көшін бастаған британиялық Нил Скупски өз орнын сақтап қалды. Бұл нұсқа бойынша қазақстандық Григорий Ломакин  374-орында келеді.

Фото: Ашық дереккөзден