Мәзір
Теннис

Александр Бублик әлемдік рейтингте көрсеткішін жақсартты

Сабина Асқарқызы 185 қаралым
Александр Бублик әлемдік рейтингте көрсеткішін жақсартты

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кәсіби теннисшілер одағы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте өз көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Александр үш сатыға көтеріліп, қазір 13-орында тұр. Бұл - оның мансабындағы ең жоғары нәтиже.

Бұған дейін қазақстандық спортшы алғаш рет Парижде өткен "Мастерс" санатындағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, канадалық Феликс Оже-Альяссимге (ATP рейтингінде 8-орын) жол берген болатын.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар