Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) АҚШ ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін спортшылардың жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик турнирде алғаш рет төртінші айналымға дейін жетіп, әлемдік рейтингте 24-сатыдан 19-орынға көтерілді. Бұл – оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Қалған қазақстандық теннисшілердің нәтижелері төмендегідей:
Александр Шевченко – 91-ден 97-орынға түсті;
Бейбіт Жұқаев – 191-ден 207-орынға сырғыды;
Тимофей Скатов – 192-ден 235-сатыға төмендеді;
Дмитрий Попко – 237-ден 220-ға көтерілді;
Михаил Кукушкин – 234-тен 231-орынға көтерілді.
Ерлер рейтингінде АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жеткен испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр.
WTA рейтингінде Елена Рыбакина 10-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 55-тен 60-орынға түсті. Зарина Диас 242-ден 236-ға, ал Жібек Құламбаева 318-ден 302-ге көтерілді.
Фото: ҚТФ