Румынияның Клуж-Напока қаласында жастар арасындағы үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
19 жасқа дейінгі санатта Қазақстанның өкілі Алан Құрманғалиев жекелей, жұптық және аралас сайыстарда өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыластары анықталды.
Жекелей сын, 1/16 финал:
Алан Құрманғалиев – Энрике Риос (Пуэрто-Рико)
Аралас жұп, 1/16 финал:
Алан Құрманғалиев / Хана Года (Қазақстан / Мысыр) – Энрике Риос / Кристал Мелендес (Пуэрто-Рико)
Жұптық сын, 1/8 финал:
Алан Құрманғалиев / Беньямин Фараджи (Қазақстан / Иран) – Тиаго Абиодун / Юлиан Чирита (Португалия / Румыния)
Фото: ҰОК