457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алан Құрманғалиев Сингапурда турнирінде жүлдесіз қалды

Сингапурда WTT Singapore Youth Smash ірі халықаралық турнирі аяқталды. 

Сингапурда WTT Singapore Youth Smash ірі халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев U19 жас санатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Отандасымыз жарыс барысында Доминикас Самуолисті (Дания) – 4:1, Ю Хайянды (Қытай) – 4:1, Сеа Бенайяны (Сингапур) – 4:3, Лой Син Яоны (Сингапур) – 4:0 есебімен жеңді.

Алайда ширек финалда өткен тартысты кездесуде Эмануэль Отальвароға (Колумбия) 3:4 есебімен жол берді.

Айта кетейік, жартылай финалға шыққан жағдайда қазақстандық спортшы кемінде қола жүлдені қамтамасыз етер еді.

Фото: ҰОК