Мәзір
Теннис

Алан Құрманғалиев Бейжіңдегі China Youth Smash турниріне қатысады

Сабина Асқарқызы 167 қаралым
Алан Құрманғалиев Бейжіңдегі China Youth Smash турниріне қатысады

3–5 қазан күндері Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен халықаралық China Youth Smash 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жарысқа 19 жасқа дейінгі әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Олардың арасында Кореядан – Ким Гаон (№3), Ли Сынсу (№4), Жапониядан – Рюсей Каваки (№5), Шунто Иваида (№15), Қытайдан – Ли Хэчэн (№7), Вен Жуйбо (№11), Тайбэйден – Чан Ю Ан (№10) және басқа да мықтылар бар.

Қазақстан намысын әлемдік рейтингте 9-орында тұрған Алан Құрманғалиев қорғайды. Ол топтық кезеңде Тайбэй, Сингапур және Гонконг спортшыларымен бақ сынайды.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар