457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Australian Open-де ширек финалға шықты

Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 12-орында тұрған қазақстандық спортшы бұл кезеңде ресейлік Савва Рыбкинді (№13) сенімді түрде жеңді.

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 12-орында тұрған қазақстандық спортшы бұл кезеңде ресейлік Савва Рыбкинді (№13) сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, қос теннисші де өз елдерінде 18 жасқа дейінгілер арасындағы бірінші ракетка саналады.

Кездесудің алғашқы партиясында Заңғар Нұрланұлы айқын басымдық танытып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте есеп 5:3 болғанда матч-допты пайдалана алмағанымен, кейін тағы бір брейк жасап, ойынды 6:4 нәтижесімен аяқтады.

Осылайша, қазақстандық теннисші өз спорттық мансабында алғаш рет Australian Open жасөспірімдер арасындағы ширек финалға шықты.

Жартылай финалға жолдама үшін Заңғар Нұрланұлы Гонконг өкілі Кай Томпсонмен кездеседі. Томпсон ширек финалға дейін румыниялық Матей Тодоранды 7:6 (13:11), 6:3 есебімен жеңіп шыққан.

Айта кетейік, өткен жылы Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының жасөспірімдер арасындағы жартылай финалына дейін жетіп, Қазақстан теннисі тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізген болатын.

Фото: IG/itftennis©