457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

17 жастағы Әмір Омарханов Тунисте турнирдің 2-ракеткасын қапы қалдырды

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов (17 жас) Монастирде (Тунис) өтіп жатқан ITF M15 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемдік рейтингте 1241-сатыда тұрған ол алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингтің 970-орнындағы германиялық Венсан Марысканы сенімді ойынымен ұтып шықты – 6:3, 6:1.

Келесі кезеңде Омарханов турнирдің 2-ракеткасы, әлемнің 622-ші ракеткасы саналатын тунистік Азиз Оуакамен кездесіп, тағы да жеңіске жетті. Бірінші сет 6:3 есебімен қазақстандықтың еншісінде қалды. Ал екінші партияда Әмір 3:0 есебімен алға шыққан сәтте қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Әмір Омарханов жартылай финалға шығу жолында дүниежүзілік рейтингтің 1430-сатысында тұрған германиялық Лука Виденманға қарсы ойнайды.

 

Фото: ҰОК