Мәзір
Теннис

14 жастағы қазақстандық теннисші Дубай турнирінің жеңімпазы атанды

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
14 жастағы қазақстандық теннисші Дубай турнирінің жеңімпазы атанды

Дубай қаласында жасөспірімдер арасында өткен Ten-Pro Global Junior Tour халықаралық теннис турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, аталған жарысқа АҚШ, Жапония, Франция және өзге де мемлекеттерден келген 42 жас спортшы бақ сынады.

Шешуші кездесуде 14 жастағы қазақстандық теннисші, Алматы теннис мектебінің тәрбиеленушісі Матвей Пономарев Мысыр спортшысы Мохаммед Басардан айқын басым түсті — 6:0, 6:2.

Осы нәтижемен Матвей Пономарев турнир чемпионы атанды.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар