457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық мергендер әлем кубогында төрт медаль жеңіп алды

Сербияның Нови-Сад қаласында өткен пара нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жекелей сында Александр Пасхалиди пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтықтағы R1 дисциплинасында 236,2 ұпай жинап, әлем кубогының чемпионы атанды.

Командалық жарыста Еркін Ғаббасов, Ардақ Отарбаев және Арсен Мұратов ерлер арасындағы R1 дисциплинасында 1847,5 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал әйелдер арасындағы R2 дисциплинасында Әйгерім Төлегенова, Анна Довгелевич және Ұлболсын Құсайнова 1820,7 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ пневматикалық тапаншадан R6 дисциплинасы бойынша командалық миксте Александр Пасхалиди мен Айсұлу Мұқашбекова 398,3 ұпай көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, жарыысқа 51 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 17 спортшымен 61 дисциплина бойынша сынға түсті.

 

Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы