Қазақстандық мерген қыз әлем чемпионы атанды
Қазақстан құрамасының өкілі Асылым Жақия Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы оқ атудан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық спортшы 25 метр қашықтықтан стандартты шағын калибрлі тапаншамен оқ атудан 554 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.
Күміс медаль Үндістан өкілі Шауля Дилип Бхарнеге бұйырды. Ол 552 ұпай еншіледі. Дәл осындай нәтиже көрсеткен тағы бір үндістандық спортшы Рия Дуггал үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, Асылым Жақия Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатындағы үшінші жүлдені салды.
Бұған дейін Қазақстанның әйелдер құрамасы стенд атудан «трап» бағдарламасында алтын медаль жеңіп алса, Ринат Казаченко нысана көздеуден күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған