Қазақстандық мергендер әлем чемпионатында екі күміс жүлде еншіледі
Қазақстан құрамасы Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында тағы екі күміс медаль иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Екі жүлде де жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңіп алынды.
Даниил Яковенко 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ ату бағдарламасында күміс жүлдегер атанды. Финалда ол финляндиялық Уильям Эрик Вилкманға есе жіберді. Ал қола медаль Оңтүстік Корея спортшысы Ким Чжэминге бұйырды.
Қазақстан қоржынына екінші күміс жүлдені Еңлік Асқар салды. Ол да 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ ату сайысында финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде армениялық Аида Азатяннан жеңілді. Қола жүлдені Украина өкілі Мирослава Шимко жеңіп алды.
Еске салсақ, бұған дейін осы әлем чемпионатында Фатима Ирназарова мен Валат Мусаев алтын медаль еншілесе, Зухра Ирназарова қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған