Мәзір
Нысана көздеу

Қазақстан жас мергені әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Сабина Асқарқызы 56 қаралым
Қазақстан жас мергені әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Ринат Казаченко Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Қазақстандық мерген 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 355,2 ұпай жинады.
Алтын медальді Рохит Каньян жеңіп алды — 355,9 ұпай. Үздік үштікті Патрик Энтнер түйіндеді — 344,0 ұпай.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар