Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін
UFC-де бірнеше жоғары деңгейлі спортшыларды, соның ішінде Шавкат Рахмоновты баптаған Эдуард Базров Жалғас Жұмағұловтың соңғы жетістігіне пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Betonmobile порталына берген сұхбатында Базров нәтиже ғана емес, тәжірибелі спортшының өнер көрсету сапасын да атап өтті:
«Жалғас керемет өнер көрсетті, мықты спортшыны әдемі жеңді. Бапкері Айбек Шокпутовты құттықтадым. Жекпе-жек жоғары деңгейде өтті. Жалғас жәй чемпион емес екенін дәлелдеді. Белбеуге жету қиын, оны қорғау одан да қиын. Қазіргі кезде Жалғас жоғары деңгейде», — деді бапкер.
Фанаттарды толғандыратын басты сұрақ – 37 жастағы «Жако» АҚШ нарығына қайта оралуы мүмкін бе? Базровтың пікірінше, Жұмағұловтың қазіргі формасы бұл мүмкіндікті молынан қамтамасыз етеді:
«Әрине, Жалғастың UFC-ге оралу мүмкіндігі бар. Қазір оның осындай жарқын жеңістері бар. UFC-ге оралып, шеберлігін көрсетуін көргеніме қуаныштымын. Көп жағдай болды, спортшылар UFC-ден шығып, кейін қайта оралды. Қайту мүмкіндігі бар», — деп қорытындылады эксперт.
Естеріңізге сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов (17-9) қазіргі таңда Oktagon еуропалық лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпионы. Америкалық промоушеннен кеткен соң карьерасын қайта жүктеп, қатарынан бес жеңіс алған.
Фото: UFC
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған