457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаев RAF ұйымындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев еркін күрес ережесі бойынша өткен Real American Freestyle (RAF) лигасындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

RAF 12 турнирі аясында АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен белдесуде қазақстандық спортшы тәжірибелі америкалық балуан Джонни ДиДжулиуспен кездесті.

Кездесу басталған сәттен-ақ бастаманы өз қолына алған америкалық спортшы 88 секунд ішінде 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Асу Алмабаевтың RAF ұйымындағы дебюті сәтсіз аяқталды.

Айта кетейік, бұл Джонни ДиДжулиустың аталған лигадағы екінші жеңісі болды. Бұған дейін ол Конор Бибті жеңіп, Пат Луго мен Владимир Хинчегашвилиге есе жіберген еді.

 

Фото: ашық дереккөзден

Ең көп оқылған