457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бекзат Алмахан Грузияның RKENA MMA лигасымен келісімшартқа отырды

Грузиялық ұйым әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қазақстандық спортшыны команда қатарына қосылғанымен құттықтады.

Қазақстандық ММА файтері Бекзат Алмахан Грузияның RKENA промоушенімен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Грузиялық ұйым әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қазақстандық спортшыны команда қатарына қосылғанымен құттықтады.
Бекзат Алмахан 13 тамызда келісімшартының аяқталуына байланысты UFC құрамынан ресми түрде шығарылған болатын. Қазақстандық файтердің әлемдегі ең мықты ММА ұйымындағы жолы 2024 жылдың наурызында басталды. Ол қысқа мерзімде шақырту алып, сол кезде жеңіліп көрмеген ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы октагонға шықты. Алмахан бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, жекпе-жек соңында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды.
Қазақстандық спортшы UFC-дегі жалғыз жеңісіне 2025 жылдың мамырында қол жеткізді. Ол канадалық Брэд Катонаны бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Алмахан UFC-дегі соңғы екі жекпе-жегінде жеңіліс тапты. 2025 жылдың қарашасында ол Александр Топуриядан, ал 2026 жылдың маусымында бразилиялық Жан Мацумотодан ұтылды.
RKENA – Грузияда 2025 жылдың қазан айында құрылған ММА промоушені. Лига өз турнирлерін Тбилисидегі елдің басты жабық аренасы – Спорт сарайында өткізеді.
Бүгінге дейін промоушеннің үш нөмірлі турнирі ұйымдастырылған. Rkena FC 1 2025 жылдың 29 қарашасында, Rkena FC 2 2026 жылдың 14 наурызында, ал Rkena FC 3 16 мамырда өткен.

Фото: Ашық дереккөзден 

Ең көп оқылған