457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралу ниетін мәлімдеді

Спортшының айтуынша, UFC-дегі қарсыластарының деңгейі оның ең жоғары сатыда бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC-де өнер көрсеткен Жалғас Жұмағұлов мансабын аяқтауға асықпайтынын және UFC-ге қайта оралуды мақсат етіп отырғанын айтты. Бұл туралы ол Home of Fight арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Спортшының айтуынша, UFC-дегі қарсыластарының деңгейі оның ең жоғары сатыда бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді.

«UFC-де мен кездескен қарсыластардың көбісі кейін чемпион атанды. Мен ұтылған жекпе-жектердің басым бөлігі төрешілер шешімімен өтті және бәрі тең, тартысты болды. Бұл менің сол деңгейге лайық екенімді көрсетеді», – деді Жұмағұлов.

Ол қазіргі чемпиондар мен үміткерлер жайлы да пікір білдірді.

«Залда Пантожаны көрдім, ол біртіндеп қалпына келіп, жаттығуға кірісіп жатыр. Егер Манел Капеге титулдық жекпе-жек берілсе, ол чемпион болады деп ойлаймын. Мен карьерамды аяқтамаймын. Жасым 37-де, бірақ қазақпыз ғой – біз 30-дан кейін ашыламыз. Мен ММА-ға кеш келдім, 21 жасымда ғана бастадым», – деді файтер.

Еске сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-де 2020-2023 жылдар аралығында өнер көрсетіп, 1 жеңіс, 6 жеңіліс көрсеткішімен ұйымнан кеткен. Оның UFC-дегі соңғы қарсыласы Джошуа Ван болған. Кейін америкалық спортшы наилегчайший салмақта UFC чемпионы атанды.

Қазіргі таңда Жұмағұлов Еуропаның OKTAGON MMA лигасында чемпиондық белбеудің иегері. Ол 28 желтоқсанда Прагада (Чехия) өтетін турнирде чехиялық Давид Дворжакпен жекпе-жек өткізіп, белбеуін алғаш рет қорғайды.

Жалғас Жұмағұловтың айтуынша, бұл кездесу оның UFC-ге қайта оралу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Фото: IG/zhumagulov_zhalgas©