457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралмаса, мансабын аяқтауы мүмкін

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов кәсіби мансабын аяқтау мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Оның айтуынша, егер алдағы уақытта UFC ұйымына қайта оралуға нақты мүмкіндік болмаса, спортпен қоштасу туралы байыпты шешім қабылдауы ықтимал.

Жұмағұлов әлеуметтік желідегі жазбасында өзінің әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетуге қабілетті екенін атап өтті.

Мен UFC-де өнер көрсеттім. Қайтадан өз деңгейіме көтеріліп, әлі де үздіктер қатарында екенімді дәлелдедім. Егер болашағымда UFC-ге оралу мүмкіндігі болмаса, мансабымды аяқтау туралы шындап ойланамын. Бұған өкінбеймін, өйткені осы спортқа барымды салдым, – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұловтың соңғы кездесуі Братиславада өткен Oktagon 89 турнирі аясында өтуі тиіс болған. Алайда жекпе-жек ресми түрде өтпеді деп танылды.

 

Фото:  ©OKTAGON©