457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралатынын мәлімдеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымына қайта оралуды көздеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

37 жастағы файтер бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазып, әлемдегі ең беделді промоушенге қайта оралатынына сенім білдірді.

Ұнаса да, ұнамаса да, мен UFC-ге қайта ораламын. Иншалла. Жыл соңына дейін. Уақыт бәрін көрсетеді, – деп жазды Жұмағұлов.

Еске салсақ, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы кезеңінде (2020-2023 жылдары) жеті жекпе-жек өткізіп, бір жеңіске жетіп, алты рет жеңіліс тапты. Оның бірнеше кездесуі төрешілердің даулы шешімімен аяқталған болатын.

Кейін қазақстандық спортшы Еуропадағы жетекші ұйымдардың бірі – Oktagon MMA промоушеніне ауысып, сәтті өнер көрсетті. Ол жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді жеңіп алып, кейін UFC-дің бұрынғы спортшысы Давид Дворжакқа қарсы кездесуде титулын сәтті қорғады.

Жұмағұловтың басты мақсаты – жыл соңына дейін UFC-мен қайта келісімшартқа отырып, әлемнің ең мықты лигасында қайта өнер көрсету.

 

Фото: Arlan MMA