Мәзір
ММА

Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады

Сабина Асқарқызы 136 қаралым
Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (18-9) өзінің келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz SPORT+ сайтына сілтеме жасап.

«Жайлап дайындықты бастаймыз... Әзірге келісімшартқа қол қойған жоқпын, бірақ маған нақты күнін берді. Қарсылас та белгілі – Давид Дворжак. Жекпе-жек 28 желтоқсанда Прагада өтеді. Алғашқы дайындықты, бұйыртса, Ақтөбеде өткіземін, одан кейін алдын ала лагерьге Америкаға барып, ары қарай сонан тікелей жекпе-жекке барамын», – деді Жұмағұлов.

37 жастағы Жұмағұлов қазір Oktagon MMA ұйымының жеңіл салмақтағы салмақтағы чемпионы. Бұл кездесуде ол алғаш рет белдігін қорғап шығады.

Оның қарсыласы, чехиялық Давид Дворжак (22-6) соңғы жекпе-жегінде германиялық Мохаммед Валидті (8-5) жеңіп, чемпиондық белбеуге үміткер атанған болатын.

Фото: UFC

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар