Мәзір
ММА

Жалғас Жұмағұлов Чехияда чемпиондық белбеу үшін айқасады

Сабина Асқарқызы 100 қаралым
Жалғас Жұмағұлов Чехияда чемпиондық белбеу үшін айқасады

28 желтоқсанда қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (18-9) Еуропадағы ең беделді аралас жекпе-жек ұйымдарының бірі саналатын Oktagon лигасында титулды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Прага қаласында өтетін Oktagon 81 турнирінде отандасымыз чехиялық Давид Дворжакпен октагонға шығады. Қарсыластар жеңіл салмақтағы лига чемпионы атағын сарапқа салады.

Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады. Көрермендер айқасты промоушнның ресми сайтынан тамашалай алады.

Еске сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов биыл маусым айында Oktagon лигасының чемпионы атанған. Ол төрешілердің шешімімен грузиялық Бено Адамианы (12-9-2) жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшы төрт жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясымен үздіктер қатарында. Ал оның қарсыласы Давид Дворжак қыркүйек айында өткен соңғы айқасында ирактық Мохаммед Валидті (8-5) бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Сондай-ақ былтыр маусым айында Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тың Веллингтон қаласында өткен NAGA грэпплинг турнирінде топ жарып, тағы бір ірі жетістікке қол жеткізген еді.

 

 

Фото: UFC

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар