Мәзір
ММА

Хамзат Чимаев Ислам Махачевтің алдағы жекпе-жекте жеңіске жететінін болжады

Сабина Асқарқызы 186 қаралым
Хамзат Чимаев Ислам Махачевтің алдағы жекпе-жекте жеңіске жететінін болжады

Аралас жекпе-жек жұлдызы Хамзат Чимаев («Борз») UFC 322 турнирінде өтетін Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы титулдық айқасқа қатысты өз болжамын бөлісті.

Чимаевтың айтуынша, оның жаттықтырушысы бұл жекпе-жекте Маддаленаны фаворит санайды. Яғни «55% Маддалена, 45% Махачев» жеңеді деп отыр екен. Алайда Хамзат бұл пікірмен келіспейді:

«Менің жаттықтырушым Маддалена фаворит дейді. Бірақ мен Исламның жеңетініне сенемін. Екеуі де мықты спортшылар. Ислам салмақ жоғары көтеріліп жатыр, оның жартылай орта салмақта қалай өнер көрсететіні қызық. Бұл жекпе-жекте Ислам күресін көбірек қолданады деп ойлаймын», – деді Чимаев жанкүйер сұрағына жауап бере отырып.

Ислам Махачев үшін бұл жекпе-жек – жартылай орта салмақтағы дебюті. 15 қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінде ол австралиялық Джек Делла Маддаленаның чемпиондық белдігін тартып алуға талпынады.

Тамыз айында UFC-дің орта салмақ категориясында чемпион атанған Хамзат Чимаев келесі жылы титулын алғаш рет қорғауды жоспарлап отыр.

Фото: instagram/islam_makhachev

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар