457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұзақ үзілістен кейін Шавкат Рахмонов қайта жаттығуға кірісті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін жаттығу процесін қайта бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортшы дайындалатын Dar Team командасы әлеуметтік желідегі парақшасында Шавкаттың UFC-дегі жарқын жекпе-жектерінен үзінділер жариялап, бейнероликке «Шавкат Рахмонов қайтадан залда!» деген жазба қалдырды.

Еске салайық, қазақстандық файтер соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.

Осыдан кейін Шавкат Рахмонов тізесіне ота жасатып, бірнеше ай бойы оңалту курсынан өтті. Ұзақ үзіліске байланысты UFC ұйымы оны жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингтен шығарған еді.

Бұған дейін «Номад» лақап атымен танылған Шавкат Рахмонов дивизионның үздік үштігіне еніп, чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі саналған.

 

Фото: Steve Marcus / Getty Images